Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр тоғызқұмалақшылары үздік атанды

09.01.2023, 11:05 200

HALYQLINE.KZ 2022 жылдың қорытындысымен Қызылорда облысы – ұлттық спортымыз Тоғызқұмалақтан ел ішінде 1-орында. Үш жыл қатарынан өңіріміз бірінші орынды бермей келеді.

Былтырғы жыл қорытындысы бойынша Қызылорда тоғызқұмалақшылары:

ҚР чемпионаттарынан 21 алтын, 11 күміс және 14 қола медаль алса, Әлем, Азия кубоктары мен чемпионаттарынан 3 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль иеленді.

Облыста 1000-ға жуық спортшы ұлттық спорттың осы түрімен кәсіби айналысады, 25-тен аса спортшы Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, ел мәртебесін асқақтатуда. Ұлттық спорттың дамуына ерекше үлес қосып жүрген барша спортшылар мен жаттықтырушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: