Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр спортшылары Бакуде 9 медаль иеленді

15.04.2026, 17:05 105

Әзербайжан астанасы Баку қаласында 10–12 сәуір күндері каратэ WKF-тен Grand Prix Azerbaijan International Karate Tournament 2026 халықаралық жарысы өтті. Бұл туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы жазды.

Турнирге бірнеше елден жүздеген спортшы қатысып, бәсеке жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ашық дереккөздерде жарысқа шамамен 700 спортшының қатысқаны айтылған.

Әлемдік деңгейдегі дода қорытындысы бойынша Қызылорда облысының құрамасы 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Осылайша сыр спортшылары халықаралық аренада тағы бір мәрте жоғары нәтижемен танылды.

Жарыс нәтижесінде 75 келі салмақта Қабланбек Кемелбек, 84 келіде Асылхан Ғалым, 47 келіде Меруерт Амангелді, 61 келіде Құбаш Нұрсая чемпион атанды. Ал 60 келі салмақта Қонысбек Әлишершарип пен 76 келіде Қанибек Сұңқар күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ 84 келіде Кубаш Бақдәулет, 61 келіде Елемес Нұрай, 45 келіде Ильяс Абдикаримов қола медаль иеленді.

Жүлдегер спортшыларды жарысқа Н.Тойшыбаев, А.Мереев, А. Қонысбек баптады. Сыр өңірі құрамасының бұл жетістігі облыс спортының халықаралық деңгейдегі әлеуетін тағы бір рет көрсетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: