Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Спорт саласының үздіктері анықталды

29.12.2022, 17:20 578

HALYQLINE.KZ​ Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жаманқұл Асылжан Зұлфқарұлының төрағалығымен 2022 жылдың қорытындысы бойынша спорт саласының Алқа мәжілісі өтті.

Қорытынды шараны басқарма басшысының орынбасарымен қатар Жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Бағдат Қаленов және «Қайсар» ФК директоры Садық Мұстафа жүргізді. Алқа мәжілісінің күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелер бойынша бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Сихымов Ғалым, оқу-спорттық бөлімінің басшысы Бегалиев Мәулен, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және бағдарламалармен жұмыс бөлімінің басшысы Жұматов Серік баяндама жасады. Жиында атқарылған жұмыстар, алға қойылған мақсаттармен қатар спорт саласының үздіктері және спорт жаңалықтарын үзбей ақпараттандырып жүрген БАҚ өкілдерін марапаттау іс-шарасы өтті.

Өңіріміздегі спорт саласы мен Сыр спортшыларының жетістіктерін түрлі деңгейде насихаттап, бұқаралық ақпарат құралдарында тынымсыз еңбек етіп жүрген журналистер қауымы қатарынан облыстық «Кызылординские вести» басылымының тілшісі Байшуленов Әлібек, облыстық Qyzylorda телеарнасының тілшілері Кәрібай Мақсат пен Асан Елдос, қалалық «Қоғам тв» телеарнасының тілшілері Нағымет Алданазар мен Дәуіт Олжас көрінді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен 50 жылдан астам уақытын футбол саласына арнаған, жергілікті «Локоматив» командасының 1975-1976 жылдар аралығындағы ойыншысы, әуесқойлар арасында футболдың дамуына ерекше үлес қосып жүрген Серікбаев Ережеп марапатталады.

Сондай-ақ, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің (БЖСМ) жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері арасында:

1-орын Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі,

2-орын Жаңақорған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі,

3-орын Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі.

БЖСМ арасында:

1-орын №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі,

2-орын №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі,

3-орын №15 Қармақшы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі.

Жыл көлемінде ең үздік атанған жаттықтырушылар арасында:

1-орын Байдарка және каноэде есуден облыстың аға жаттықтырушысы Миербеков Мұхитдин Хамидович,

2-орын Стенд атудан облыстың аға жаттықтырушысы Коломоец Максим Владимирович,

3-орын Грек-рим күресінен облыс аға жаттықтырушысы Райымбек Ғабиден Райымбекұлы алды.

2022 жыл қорытындысы бойынша «Ең үздік спортшы» номинациясы бойынша:

1-орын Грек-рим күресінен Әлем чемпионаты мен кубогының қола жүлдегері Сұлтанғали Айдос,

2-орын Парадзюдодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері Оразалыұлы Олжас,

3-орын Стенд атудан Азия чемпионы Пенков Илья атанды.

Әрине, биылғы жылы Қызылорда өңірінің спорт жетістіктері бойынша елімізде үздік үштік (ҚР бойынша 2-орын) қатарынан көрінуіне жоғарыда аталған азаматтар және мекемелермен қатар барша спорт ұжымдары, жаттықтырушылар мен спортшылардың үлесі зор. Ал, бүгінгі барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік болсын! Келе жатқан жаңа жылда жаңа жетістіктер мен жеңісті күндер көп болғай! Сыр спорты жасасын!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: