Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде бокстан турнир басталды

08.04.2021, 16:30 746

HALYQLINE.KZ Бүгін Шиелі кентінде ауданның «Құрметті азаматы», Әбдіманап Шорабаевты еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Қамбарбек Мүбараков пен Ә.Шорабаевтың әпкесі Әтіркүл Шорабаева сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Үш күнге созылатын турнирге Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 200-ден аса спортшы қатысуда.

Бұл турнир бұған дейін облыстық деңгейде 4 рет, республикалық деңгейде 5 рет өткізілді. Жарыс жыл өткен сайын құлашын кеңге жайып, облыстың барлық аудандарынан, еліміздің әр аймағынан спортшылардың асыға күткен дүбірлі додасына айналды. Жарыс үш күнге созылады. Марапаттау салтанаты 10 сәуірде өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: