Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Роналдудың 30 рекорды

26.05.2021, 14:45 707

HALYQLINE.KZ Оның ойыны ұзақ жылдар бойы ел есінде болады. Алайда оның керемет ойынынан бөлек, оның ұлылығын негіздейтін жетістіктері бар. Бұл – португалиялық сұр мерген Криштиану Роналдудың бекіткен рекордтары.

1. Чемпиондар лигасында 1 маусымда соғылған гол бойынша обсалюттік рекорд иегері. Роналду 2013-2014 жылғы маусымда, чемпиондар лигасында 17 гол соққан.

2. Европалық топ 6 лигада, ең көп гол соққан футболшы. 372 гол.

3. Еврокубоктерде 100 гол соққан бірінші футболшы.

4. Айтылып кеткен чемпиондар лигасында 100 гол соққан бірінші футболшы.

5. Дәл сол чемпиондар лигасының тарихындағы үздік бомбардир, 105 гол.

6. Испаниялық Ла-лига турнирінде хет-трик жасаудан үздік футболшы. Реал мадрид сапында 32 хет-трик жасап үлгірген.

7. Дәл сол Ла-лигада 140 ойында, 150 гол соққан. Бұл қайталанбас рекорд деуге де болады.

8. Португалия құрама командасының атынан ең көп гол соққан футболшы, 114.

9. Корольдік клуб «Реал мадрид» тарихындағы үздік бомбардир, 407 гол.

10. УЕФА символдық құрамаға 11 рет енген.

11. Құрмама команданың атынан 1 маусымда соғылған гол бойынша рекордты Лионель Мессимен бөлісіп тұр, 25 гол.

12. Ойынның 90 минутынын әр минутында гол соққан жалғыз футболшы.

13. Роналду – чемпионатты, ел кубогын, ел суперкубогын, Чемпиондар Лигасын, Клубтық Әлем чемпионатын, чемпионаттың үздік ойыншысы атағын, алтын бутсы мен алтын допты екі түрлі клуб құрамында жеңіп алған жалғыз футболшы.

14. Екі түрлі клубтың құрамында әлемнің символикалық құрамасына түскен алғашқы және жалғыз футболшы.

15. Роналду – алты түрлі маусымда 50-ден астам гол соққан жалғыз футболшы.

16. Роналду – Чемпиондар Лигасының плей-офф ойындарындағы жеңістер бойынша рекорд иегері, 29 жеңіс.

17. Роналду – еуропалық алтын бутсы саны бойынша рекордшы-4 сыйлық.

18. Әлем бойынша 1 клубқа 350 гол белгісіне 335 ойында жеткен. Бұл – обсалюттік рекорд.

19. Чемпиондар лигасында 6 мәрте үздік мерген атанған.

20. Чемпиондар лигасында 5 рет қатарынан үздік сұрмерген болған.

21. Мадрид дербиінің үздік бомбардирі – Атлетико қақпасына 18 гол соққан.

22. Қатарынан 6 Эль-Классикода гол соққан жалғыз футболшы.

23. Роналду – Ла лига тарихындағы ең нәтижелі старт авторы, чемпионаттың 8 алғашқы турындағы 15 гол соққан.

24. Испания чемпионатында 12 ойында, 20 гол соққан жалғыз ойыншы.

25. Ла-лиганың 6 маусымында, қатарынан 30-дан көп гол соққан.

26. Португалия құрама командасының тарихындағы үздік мерген, құрмама сапында 78 гол соққан.

27. Реал тарихында 8 ойында тоқтаусыз гол соққан жалғыз футболшы.

28. Реал сапында 38 хет-трик жасаған. Бұл – команда тарихында болмаған құбылыс.

29. Реал тарихында, Чемпиондар лигасында ең көп гол соққан, 78 гол.

30. «Алтын допты» қатарынан 2 мәрте иеленген бірінші футболшы.

Криштиану Роналду – сөзсіз феномен. Оның қайтпас қайсар мінезі, тек жас футболшыларды ғана емес, сонымен қатар өзге салалардағы жас өспірімдерге үлгі болады.

Дамир СЕЙЛХАНОВ,

Сурет: footboom.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: