Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық балуандар еркін күресте ерлеп тұр

23.11.2020, 11:15 670

HALYQLINE.KZ Алматы қаласында грек-рим, еркін жəне əйелдер күресінен өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының балуандары табысты өнер көрсетті.

Еркін күрестен жерлестеріміз 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Атап айтсақ, 65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дәулет Ниязбеков пен 79 келіде Ғалымжан Өсербаев Қазақстан чемпионы атанды. Дәулет ақтық сайыста қарағандылық спортшы Əділ Оспановты 9:0, ал Ғалымжан Алматы облысының балуаны Рүстем Мырзағалиевті 11:0 есебімен жеңіп, қос алтынды облыс қоржынына салды.

Д.Ниязбеков 8 дүркін, Ғ.Өсербаев 5 дүркін Қазақстан чемпионы атағына ие болды. Айта кетейік, Дəулет былтырғы жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Əлем чемпионатында күміс жүлдені еншілеп, Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ, осы спорт түрінен 74 келіде Қанат Мұсабеков – күміс, 97 келіде Бекзат Тəжі қола жүлделерді иеленді. Спортшыларды жарысқа Əбутəліп Аманов, Камал Гаджимагамедов, Орал Тілеуқабылов жəне Серік Əбдімəуленов дайындады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: