Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық ақындарға қола жүлде бұйырды

25.07.2022, 17:45 926

HALYQLINE.KZ Тараз қаласында өткен “Ақынға парыз көп ойлау, Артық та емес доп ойнау” атты кіші футболдан республикалық турнирде Сыр елінің намысын қорғаған “Ақмешіт” командасы жүлделі 3-орынды жеңіп алды.

«Ақмешіт» командасының сапында Мұхтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, Ержеңіс Әбді, Ұлықбек Бекұзақұлы, Мейрамбек Ибрагимов, Бекжан Ержігіт, Ақжол Түменбай, Шыңғыс Құдайберген, Ізбасхан Дәулетхан, Мадияр Жасаңбаев сынды ақындар өнер көрсетті.

Турнир қорытындысында айтыскер ақын, ұстаз Ержеңіс Әбді “Үздік жартылай қорғаушы” атанды.

Жалпы, бұл қызылордалық ақындардың алғашқы жарысы емес. Бұған дейін сырбойылық шайырлар Түркістан, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, т.б. қалаларда өткен жарыстарға қатысып, жеңімпаздар қатарынан да көрінген болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: