Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада журналистер арасында республикалық турнир өтеді

17.06.2022, 17:55 200

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 18-19 маусым күндері Қызылорда облысы әкімінің Кубогы үшін қаламгерлер арасында шағын футболдан республикалық турнир өтеді. Қызылорда қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отырған додаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Түркістан облыстарынан барлығы 9 команда бақ сынамақ.

Журналистер қауымының басын қосқан бәсекеде топ жарған командаға арнайы кубок пен 1 миллион теңге қаржылай ұтыс берілмек. Ал екінші орын иеленген команданың жүлде қоры 700 мыңды, үшінші орын 400 мың, төртінші орын 200 мың теңгені құрайды.

Одан бөлек үздік ойын өрнегін көрсеткен спортшыларға да арнайы жүлделер бар. Мәселен, «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» номинациялары. Аталған турнир алдағы уақытта жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын таппақ. Турнирдің мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, ел аумағындағы БАҚ өкілдерінің шығармашылық әріптестік, сондай-ақ, достық байланысын нығайту.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: