Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан 2034 жылы Өзбекстанмен бірге футболдан әлем чемпионатын өткізбейді

24.07.2023, 17:45 152

HALYQLINE.KZ

Қазақстан 2034 жылы Өзбекстанмен бірлесіп футболдан әлем чемпионатын өткізбейді. Осылай деп Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді. 

«Мәдениет және спорт министрлігі қазақ футболының дамуына ерекше көңіл бөледі және бұл бағытта жан-жақты қолдау көрсетеді. Бірақ Қазақстан футболдан әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап жатқан жоқ әрі өткізу жөнінде өтініш беру жоспарда жоқ», – деді министрлік.

Өзбекстандық Championat.asia басылымы Қазақстанның футбол федерациясының басшысы Әділет Барманқұлов Өзбекстанға 2034 жылы әлем чемпионатын бірлесіп өткізу жөнінде ұсыныс берді деген.

Бұл мәлімдеме Қырғызстанда өткен Орталық Азия елдерінің футбол ассоциациясы кездесуінде айтылған екен.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: