Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ күресінен республикалық турнир басталды

12.12.2023, 10:10 241

Қызылорда облысы Мәдениет және спорт басқармасы №2 Облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде қоғам және мемлекет қайраткері Т.Жүргеновтың 125 жылдығына арналған қазақ күресінен республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Өн бойы күш бәсекесінің тартысына толатын іс-шарада ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, облыстық дзюдо федерациясының президенті, облыстық мәслихат депутаты Садық Мұстафа құттықтау сөзін айтып, халқы үшін жанын да аямаған ұлы тұлғаның тағылымын өскелең ұрпақ санасына дарыта білді. Сонымен қатар Т.Жүргенов қоғамдық қорының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Әмір Шаймағанбетов аталар жүріп өткен жолды дәріптеумен жас балуандарға сәттілік тіледі. Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жігер Айекешов айтулы турнир мақсатының маңыздылығына тоқталды.

2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер қатысатын ауқымы аламан турнирде республика аймақтарынан 7 команданы құрайтын 200ге жуық спортшы бақ сынамақ.

Еңселі еліміздің қалыптасуына тар заманда от кешіп, еселі еңбегімен ұлы құрметке бөленген Темірбек атамыздың рухы шарықтаған шақта Сыр балуандарына сәттілік тілейік!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: