Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда жүйріктер жарысты

11.10.2021, 9:30 304

HALYQLINE.KZ Кеше Қазалы ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Qazaly Marathon – 2021» тақырыбымен желмен жарысқан жүйріктер 12 шақырымға жүгірді. Марафонға жерлестерімізбен қатар, Қызылорда, Байқоңыр қалалары және Жалағаш, Қармақшы аудандарының 200-ге жуық спортшы қатысты.

Әйтеке би кентіндегі теміржол вокзалында жарыс жолына шыққан спортшыларға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын ұстанушы азаматтарға алғысын айтты.

Мұхтар Әуесұлы мұнан соң өзі де марафонға қатысушылардың қатарына қосылып, спортшылармен бірге жүгірді.

Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жарыстың жеңімпазы Қармақшы ауданынан келген Мейірімжан Мақшат атанды. Жүлделі екінші орынды байқоңырлық Данияр Баймаханов иеленсе, қола жүлдеге тағы бір қармақшылық Бағдат Елібаев жеткізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов пен жарыстың демеушісі, жеке кәсіпкер Әділет Қарымсақ құттықтап, оларға 50, 40 және 30 мың теңге қаржылай сыйақы табыс етілді. Сондай-ақ, алғашқылардың қатарында келген спортшылар «Алғыс хат» пен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: