«Қайсар Аренаға» ресми түрде УЕФА-ның IV санаттағы стадион мәртебесі берілді.
Бұл – клуб пен өңір спорты үшін тарихи әрі маңызды жетістік. Енді «Қайсар Арена» халықаралық талаптарға толық сәйкес келетін заманауи спорт нысаны ретінде танылып, ең жоғары деңгейдегі ресми халықаралық кездесулерді қабылдай алады.
Атап айтқанда, стадионда УЕФА Чемпиондар лигасы, УЕФА Еуропа лигасы және УЕФА Конференция лигасы аясындағы матчтарды өткізуге мүмкіндік бар.
Бұл жетістік – клубтың, жанкүйерлердің және өңір спортының ортақ жеңісі. Алдағы уақытта «Қайсар Арена» футбол мерекесіне айналған тартысты кездесулер мен тарихи жеңістердің мекені болады деп сенеміз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!