Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» алтыншы орынға көтерілді

17.04.2023, 13:16 441

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасында өнер көсететін Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы сәтті өнер көрсете бастады.

Алғашқы екі турда жеңілістің ащы дәмін татқан «қасқырлар» үшінші турда «Ақсумен» ұпай бөлісті – 2:2. Ал 4-6 турларда «Каспийді» 3:1, «Шахтерді» 2:1, «Жетісуды» 2:0 есептерімен жеңіп, 10 ұпаймен 6-шы орында келеді.

Қазір турнирлік кеседе «Қызылжар» 18 ұпаймен бірінші, 13 ұпайдан жинаған «Ақтөбе» мен «Ордабасы» екінші-үшінші, 12 ұпайы бар «Астана» төртінші, 11 ұпай алған «Қайрат бесінші орында келеді. «Қайсар» 10 ұпаймен алтыншы орында. Жетінші орындағы «Тобыл» «Қайсардан» тек қосымша көрсеткіштер бойынша ғана артта қалды.

Биыл Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен қалада тек футбол ойынына арналған жаңа стадион құрылысы басталады. «Қайсар» клубының президенті Садық Мұстафаевтың айтуынша, стадион 7 мың адамға арналған. Қажет болған жағдайда қосымша 3 мың адам сиятын орындық дайындалады. Стадион сәтті салынып жатса, футболдан ұлттық құрамамыз, жастар құрамасы сондай-ақ әйелдер құрамасы «Қайсар» стадионында өнер көрсетеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: