Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пеленің есімі стадионға берілмек

13.03.2021, 14:00 322

HALYQLINE.KZ   Рио-де-Жанейрода орналасқан «Маракана» стадионы аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеленің құрметіне өзгертіледі, деп хабарлайды Sky Sports.

Дереккөздің хабарлауынша, стадион «Эдсон Арантис до Насименто – Король Пеле» деп аталатын болады. Мұндай шешімді Рио-де-Жанейроның заң шығарушы органы кеше, 9 наурызда өткен дауыс беруден кейін қабылдады. Стадион жанында орналасқан спорт кешені бұрынғы атауын сақтап қалады деген ақпарат бар. Айта кетейік, «Маракана» стадионы 1950 жылы ашылған.

Пеле Бразилия құрамасында 1957-1971 жылдар аралығында ойнады. Пеле – үш рет әлем чемпионы атанған (1958, 1962, 1970) жалғыз футболшы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: