Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Олжас Оразалыұлы – Азия ойындарының алтын жүлдегері

24.10.2023, 15:45 207

Қытай елінің Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ІV жазғы Пара Азия ойындарына Сыр спортшысы Олжас Оразалыұлы Пара дзюдодан жеңімпаз атанды.

Олжас екі күн бұрын бастау алған Пара Азия ойындарында жеңіске жеткен алғашқы жерлесіміз. J2 санаты бойынша 73 келі салмақта өнер көрсеткен Олжас Оразалыұлы жартылай финалда Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері Жапониялық Юджиро Сэтоны 10:0 есебімен жеңіп финалға шықты. Финалда Өзбекстандық Феруз Саидовты «Иппон» әдісімен (таза жеңіс) жеңіп, алтын медаль иегері атанды.

Алдағы күні байрақты бәсекеде өнер көрсететін әлі 7 спортшымыз бар, Қытай төрінен Сыр елі үшін жағымды жаңалықтар күтеміз. Барша Сыр спортшыларына сәттілік тілейміз!

Алтын жүлде құтты болсын, қазақ елі!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: