Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Олжас Абраев «Манчестер Сити» – «Севилья» ойынының делегаты болып тағайындалды

15.08.2023, 17:32 163

HALYQLINE.KZ

Олжас Абраев УЕФА Суперкубогы үшін өтетін «Манчестер Сити» – «Севилья» ойынына делегат болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Ойын 16 тамыздан 17 тамызға қараған түні Астана уақытымен 01:00-де өтеді.

Олжас Абраев – ҚФФ бірінші вице-президенті. 2013 жылдан бері УЕФА матчтарының делегаты, ал 2016 жылдан ФИФА матчтарының комиссары. Осы жылдар ішінде ол УЕФА-ның футзал және жағажай футболы комитеті және Маркетинг бойынша консультативтік комитетінің мүшесі болды. Қазіргі уақытта ол УЕФА ойыншы мәртебесі, трансфер, агенттер және матч агенттері комитетінің мүшесі.

УЕФА делегаты ойындарда ұйымның ресми өкілі ретінде қызмет атқарады. Делегат матч алдында ұйымдастыру жиналыстарына төрағалық етеді, кездесудің тәртіпті ұйымдастырылуын, жарыс және тәртіп ережелерінің сақталуын, матчтың алдында, ойын кезінде және одан кейін стадионда және одан тыс жерде қауіпсіздік және тәртіп ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, делегат оның талабы бойынша УЕФА әкімшілігіне матчқа дайындық туралы есеп береді және қажет болған жағдайда турнирдің ұйымдастырылу деңгейін бағалау үшін турнир алдында объектке барады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: