Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Олимпиада-2020: Қоржынға қола түсті

24.07.2021, 15:38 327

Токиода өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарында ұлттық құрама қоржынына алғашқы медаль түсті. Дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі Елдос Сметов қола медальға ие болды

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов жартылай финалда жапон спортшысы Такато Наохисадан ұтылды. Есесіне қола медальға таласта Нидерланды палуаны Торнике Чакадуадан айласын асыра білді.

Бұған дейін ол түрік Мехрая Аккус пен Корея спортшысы Ким Вон Джиннен басым түскен болатын.

Фото: Жеңіс Ысқабай, olympic.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: