Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Олимпиада-2020: Қоржынға екінші медаль түсті

25.07.2021, 13:48 446

Токиода өтіп жатқан төртжылдықтың бәйгесінде Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті. Қазақстандық зілтемірші Игорь Сон Токио Олимпиадасында 61 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.

Ерлер арасында Қазақстан атынан қатысып жатқан жалғыз ауыр атлетшымыз жұлқа көтеруде 131 келіні еңсерсе, серпе көтеруде 163-келіні көтерді.

Осылайша, қос жаттығу нәтижесі бойынша 294 келіні бағындырған Сон Токио Олимпиадасында қола жүлде алды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: