Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Олимпиада-2020: 24 шілдеде өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың ойын кестесі

23.07.2021, 14:45 495

Төрткүл дүние назарын теледидарға телмірткен Жазғы Олимпиада ойындары басталды. Бүгін Қызылорда уақытымен сағат 16:00-де Олимпиада алауы жағылады. Ал ертеңнен бастап Олимпиаданың алғашқы медальдары сарапқа салынбақ. Осы тұрғыда, 24 шілдеде өз өнерлерін ортаға салатын отандастарымыздың ойын кестесін ұсынуды жөн көрдік.

Велоспорт

07:00. Тасжол. Ерлер. Командалық сын.

Алексей Луценко, Вадим Пронский, Дмитрий Груздев

Дзюдо

07:50. Әйелдер. 47 килоға дейін.

Отгонцецэг Галбадрах

08:30. Ерлер. 60 килоға дейін.

Елдос Сметов

Теннис

07:00. WTA. Хард.

Елена Рыбакина

07:00. WTA. Хард.

Зарина Диас

08:30. АТР. Хард. Жекелей сын.

Александар Бублик

11:30. АТР. Хард. Жұптық сын.

Аленсандр Бублик, Алексей Голубев

Бокс

08:20. 1/16 финал.

Серік Теміржанов

Спорттық гимнастика

10:30. Спорттық гимнастиканың 4 түрінен.

Милад Карими

Жүзу

16:30. Брасс әдісі.

Дмитрий Баландин

Үстел тенисі

18:00. Бірінші айналым.

Анастасия Лаврова

Ертең Токиодағы тартысқа шығатын спортшыларымыз – осы. Бүгін өнер көрсеткен отандастарымыз жарыс жолын сәтті аяқтады деуге болады. Алдымен академиялық есуден бас сынасқан Владислав Яковлев жарыстың келесі кезеңіне өтсе, садақшыларымыз да кфалификацияда ойдағыдай ойнап, Денис Ганькин 64 спортшының арасынан 9-орынға жайғасты. Алдағы уақытта оларды да келесі кезеңдегі бәсекелер күтіп тұр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: