Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық ашық онлайн біріншілік аяқталды

15.02.2021, 12:15 423

HALYQLINE.KZ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тоғызқұмалақтан Қызылорда облысының ашық онлайн біріншілігі аяқталды.

Жарыс www.playok.com сайтының тоғызқұмалақ алаңында швейцар жүйесімен 11 турда өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 144 спортшы қатысты.

Нәтижесінде ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, батысқазақстандық Жарасхан Сағынбаев бірінші орынды жеңіп алды. Спорт шебері, Азия чемпионы, қызылордалық Дамир Ахметов күміс жүлдені иеленді.

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, тұңғыш әлем чемпионы, шымкенттік Ғалымжан Темірбаев пен спорт шебері, Азия чемпионатының жүлдегері, қарағандылық Асылхан Қожанәсіп қола жүлделерді еншіледі.

Жеңімпаз бен жүлдегерлер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының диплом, медаль, естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: