Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста жарыстар онлайн жүйеде ұйымдастырылады

23.10.2020, 17:00 694

HALYQLINE.KZ Әлемді жайлаған пандемия кезінде адамдар таза ауа, дұрыс тамақтану және дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану дені сау болудың алғышарты екенін шын мәнінде түсінді. Пандемияға байланысты түрлі жарыстар мен сайыстар тоқтатылып кейінге шегерілген болатын. Соған қарамастан өңір спортшылары дайындықтарын тоқтатқан емес. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №24 қаулысына сәйкес, аймақ спортшылары карантиннен кейін қауіпсіздік шараларын назарда ұстап, спорт залдарда оқу-жаттығу процестерін жалғастыруда.

Сондай-ақ, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бекітілген жоспарына сәйкес «ZOOM» бағдарламасы арқылы облыстық онлайн жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, тоғызқұмалақтан ересектер арасында, жалпы дене дайындығы жаттығулары бойынша 16 және 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында жекелей облыстық жарыстар, жасөспірімдер арасында каратэден КАТА, таеквондодан ПУМСЭ бағдарламалары бойынша, ерлер арасында қоссырықта қолды бүгіп жазудан, кермеге тартылудан, футбол фристайлынан өткізілген жарыстарға 1000-нан аса спортшылар қатысты.

Сондай-ақ, Сыр спортшылары онлайн жүйеде республикалық жарыстарға да қатысып, облыс намысын қорғауда. Алдағы уақытта атаулы мерекелер қарсаңында көркем және эстетикалық гимнастикадан, гір спортынан, таеквондодан, кермеге тартылудан, тоғызқұмалақтан, футбол фристайлынан, киокушинкай-кан, каратэден т.б. спорт түрлерінен олайн спорттық іс-шаралар жоспарлануда.

Жалпы халықты спортқа тарту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында YouTub-те «СЫР СПОРТЫ» каналы жұмыс жасауда.

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: