Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұрлыхан – Азия ойындарының қола жүлдегері

26.09.2023, 15:25 189

Қытай елінің Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX Жазғы Азия ойындарынан спортшымыз Нұрлыхан Шархан дзюдодан қола жүлдеге ие болды. Осымен Сыр палуандары ел қоржынына үшінші жүлде әкелуде.

Нұрлыхан қарсыласы оңтүстік Корея спортшысы Вон Джон Хунның жауырынын жерге тигізіп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Азия ойындарына Қазақстаннан дзюдо құрамасының сапына барлығы 7 спортшы енген. Солардың үшеуі Қызылордалық болса, үшеуі де жүлделі орын иеленіп отыр. Бұл – өңір спортының қарқынды дамуы мен облыс басшылығының Сыр спортын қолдауының нәтижесі. Спортшының жаттықтырушысы – Қален Қалиұлы.

Үш бірдей жүлде құтты болсын, Сыр елі! Алдағы өнер көрсететін жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: