Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мөлдір Жаңбырбай: «Алда үш маңызды сайыс күтіп тұр»

28.12.2023, 14:00 231

Каратэден қазақ еліне әлем чемпионы атағын алғаш әкелген қызылордалық Мөлдір Жаңбырбай болатын. Ол әлемдік рейтингте алдыңғы сапта тұрған қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, біраз спортшыны тізе бүктіріп келеді. Аймақ абыройын асқақтатып жүрген Сыр спортшысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында алдағы жоспарларымен бөлісті.

– Биылғы жыл мен үшін жетістіктерге толы жемісті жыл болды. Үздіксіз дайындық пен еңбегімнің арқасында маған артылған үміт ақталды. Барлық додадан жүлдесіз қайтпадым. Әрине, бәрі алтын емес. Десе де, жүлделі орындарды еншіледім. Келер жылы әлемдік сайыстарда бақ сынаймыз. Халықтың бұл спорт түріне қызығушылығы ерекше. Келушілердің қарасы қалың екенін айтқан жөн. Әлемдік рейтингке әсері тиетін 4-5 шақты премьер-лига, одан бөлек Әлем чемпионаты, Азия чемпионаты және жабық Азия ойындарына алдағы жылы қатысамын. Осы үш спорт сайысы мен үшін маңызды. Осы сайыстарға қазірден бастап дайындалудамын. Жалпы, балалық шақтағы қызығушылығым өмірлік мамандығыма ұласады деп ойладым. Алайда қазір каратэ спортынан тысқары өмірдің мән-мағынасы жоқ секілді көрінеді, – деді Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: