Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мамаду марапатталды

24.06.2022, 10:30 393

HALYQLINE.KZ  Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ұйымдастыруымен командамыздың шабуылшысы Мамаду Диалло Ел біріншілігінің мамыр айындағы үздік ойыншысы деп танылған. Мамадудың марапаты Қызылордаға жетіп, клуб директоры Садық Шоңмұрынұлы жаттығу сәтінде футболшыға табыстады.

– Мамаду бұл марапатқа әдбен лайық. Команданың әрбір жеңісіне үлес қосып, қарсылас қақпасын дөп көздеуде. Бұл марапат Мамадудың одан әрі жақсы ойын көрсетуіне оң әсерін тигізуі тиіс, – деді Садық Шоңмұрынұлы.

Айта кетейік, Мамаду Диалло ел біріншілігінің 9 ойынында 8 гол соғып, сұрмергендер көшін бастап тұр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: