Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елорда кубогы үш салмақтың мықтыларын анықтайды

28.06.2023, 17:30 442

HALYQLINE.KZ

Астанада Elorda Cup-2023 турнирі өтіп жатыр. Бұл турнирде жарыс қорытындысы бойынша 57, 63,5 және 92 келі салмақтағы боксшылар арасында іріктеу өтіп, үздіктері Азия ойындарына қатысады. Ал қалған 9 салмақ бойынша нөмірі бірінші боксшылар анықталып қойған. Олардың арасында отбасы мәселесі мен жарақытына байланысты жарысқа қатыспайтын Санжар Тәшкенбай, Асланбек Шымбергенов және Қамшыбек Қоңқабаев бар.

Елорда кубогында бокс жанкүйерлерінің наразары Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов арасындағы боксқа ауады. Екеуі 57 келі, яғни Олимпиадалық салмақтың көшбасшысы болуға ұмтылады. Бүгінгі іріктеу кезеңінде екі боксшы тиісінше Оразбек Асылқұлов пен Нұрсұлтан Алтынбектен басым түсті. Махмұд пен Серік турнирдің жартылай финалында жолығуы мүмкін. Оған дейін тағы бір қарсыластан басым түсуі керек. Екі боксшының да әлемдік бәсекеде бәсі жоғары. Махмұд Сабырхан әлем чемпионы (54 келі) болса, Серік Теміржанов әлем чемпионатының күміс және Олимпиада ойындарының қатысушысы.

63,5 келіде іріктеу кезеңінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Василий Самчук, Ертуған Зейнуллинов, Сұлтан Мусиновтар қарсыласынан басым түсті.

Ал 92 келідегі іріктеу енді басталып жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: