Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін – Халықаралық Олимпиада күні

23.06.2021, 10:15 268 0

HALYQLINE.KZ Елімізде айтулы мереке осымен 28-ші рет өткізілуде. Сыр елін халықаралық аренада еліміздің Əнұранын шырқатып, көк туын көкте желбіретіп жүрген спортшылары көп. Олимпиада ойындарында жеңіспен, жүлдемен оралған жəне тəжірибесін шыңдап, қатысқан спортшылар туралы ақпаратпен бөлісеміз.

2008 жылы Пекин Олимпиадасына гандболдан 10 спортшы Қазақстан құрамасында өнер көрсетті. Олар: Искакова Гүлзира, Тяпкова Екатерина, Травникова Ольга, Кубрина Наталья, Моркович Юлия, Аджидерская Ольга, Илюхина Елена, Никандрова Ксения, Парфенова Татьяна, Егунова Ольга.

2004 жылы Афины Паралимпиадасына жеңіл атлеттер Мұхтар Қамысбаев пен Юрий Квитков қатысты.

2008 жылы Пекин жəне 2012 жылы Лондон Олимпиадаларында ауыр атлетикадан Илья Ильин 2 дүркін чемпион атанды.

2008 жылы Пекин Олимпиадасына дзюдошылар Жанар Жанзунова мен Елдос Ықсанғалиев қатысты.

2012 жылы Лондон Олимпиадасында бокстан Марина Вольнова қола жүлдені иеленсе, еркін күрес балуаны Дəулет Ниязбеков, ауыр атлеттер Алмас Өтешов пен Александр Зайчиков, жеңіл атлет Виктор Лептиковтер қатысып, тəжірибе алмасты.

Ал Лондон Паралимпиадасына облыстан 3 спортшы бақ сынады. Олар: пауэрлифтингшілер Кабира Асқарова мен Айбек Əбжан, жеңіл атлет Ислам Салимов.

2016 жылы Рио Олимпиадасына облыстан 3 спортшы қатысып, ауыр атлетикадан Александр Зайчиков қола жүлдені еншіледі. Еркін күрес балуаны Ғалымжан Өсербаев пен таеквондошы Айнұр Есбергенова шеберліктерін шыңдады.

Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында 4 спортшы қатысып, 2 алтын, 2 қола медаль иеленді. 2010 жылы (Қытай) ауыр атлетикадан Рүстем Сыбай мен 2016 жылы (Норвегия) мəнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева қола жүлделерге ие болса, 2014 жылы (Қытай) дзюдодан Бауыржан Жауынтаев пен 2018 жылы (Индонезия) байдарка жəне каноэде есудан Диас Бахраддин чемпион атанды.

2021 жылы Токио Олимпиадасына ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев, еркін күрес балуаны Дәулет Ниязбеков, каратэден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мөлдір Жаңбырбай жолдама алды.

Қызылорда облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: