Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақтауда кәсіпқой бокс кеші өтеді

11.06.2022, 9:15 335

Ақтауда «Adal Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен пресс-конференция өтті.

Кәсіпқой бокс кеші 11 маусымда «Rixos Aktau» қонақ үйінде қазақстандық және шетелден келген спортшылар арасында өтеді. Бокс кешінде рингке шығатын барлық жұптар анықталды.

Жарыстың басты жекпе-жегінде Мейірім Нұрсұлтанов (16-0-0, КО 9) пен аргентиналық Себастьян Орасио (18-3-0, КО 6) жұдырықтасып, WBO International чемпиондық белдігіне таласады.

Ал екінші жартылай жеңіл салмақта сынға түсетін Бекман Сойлыбаев (13-1-0, КО 5) шаршы алаңда мексикалық Томас Рохаспен (52-10-11, КО 34) кездеседі. Одан бөлек бұл күні Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқойдағы бесінші кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы отандасы Михайл Коханчик (4-0-0, КО 4) болады.

Қалған жұптар мынадай:

Самат Жетібаев (Қазақстан, Шетпе, 3-0-0, КО 2) – Бақыт Абдурахимов (Өзбекстан, 10-18-0, КО 4);
Жолдас Жеңісов (Қазақстан, Ақтау, 3-0-0, КО 1) – Төрехан Кеңесов (Қазақстан, Ақтөбе, 1-2-0, КО 0);
Берік Джедибаев (Қазақстан, Мұнайлы, дебют) – Бургут Ходжибоев (Өзбекстан, 8-4-0, КО 3);
Нұрбек Орысбай (Қазақстан, Форт-Шефченко, 1-0-0, КО 1) – Бургут Ходжибаев (Өзбекстан, 8-4-0, КО 3);

Жекпе-жек «AQTAU.TV» телеарнасында тікелей эфирден көрсетіледі. Басталуы: 11 маусым күні, сағат 21:00-де (жергілікті уақыт).

Айбек МҰХАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: