Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Әл-Айнда» қалайын…»

26.05.2020, 11:10 437

HALYQLINE.KZ Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханға «Әл-Айн» командасы жаңа келісімшарт ұсынды. Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлады. 

Бауыржан Исламхан қазіргі командасы «Әл-Айнмен» жарты жылға келісімшартқа отырған болатын. Біріккен Араб Әмірлігінің командасы құрамындағы көшбасшы легионерлерін сақтап қалуды жөн көрген. «Әл-Айнның» бас бапкері Педро Эмануэль көшбасшы ойыншылар Бауыржан Исламхан мен венгриялық Балаж Джуджакқа жаңа келісімшарт ұсынған. 

Қазір БАӘ чемпионаты коронавирус пандемиясының кесірінен тоқтаған. Біріншілік тек тамыз айында қайта жалғасады. Бұған дейін Бауыржан Исламхан Ресейдің «Рубин» командасымен келіссөз жүргізіп жатқаны туралы ақпарат шыққан болатын.

«Аяқ асты жағдай өзгермесе, Исламхан «Рубинге» ауысады. Кедергі болып тұрған, жалға беру мерзімінің қашан аяқталатыны белгісіз. Қағаз жүзінде маусым айының соңында аяқталуы керек болатын, алайда БАӘ чемпионаты коронавирустың кесірінен тоқтады. Әзірге нақты қашан қайта басталатыны туралы ресми ақпарат жоқ. Қоса кетейін, Исламхамның «Рубинге» ауысуына ресейлік агенттер емес, Қазан мен Алматыдағы бірнеше адам себепкер болды», – деп жазды Айдан Қожахмет.

Айта кетейік, бұған дейін Бауыржан Исламханның өкілі Ресей мен Италияның А Сериясы командаларынан ұсыныс түскені туралы айтқан еді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: