Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылжыған Жұмағалиев һәм Аймағамбетовке араша

23.07.2020, 14:30 598

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды» деді. Кешегі ведомствоаралық комиссия жиынында да мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдердің жұмысын қатаң сынға алды. Президент тарапынан айтылған ескерту саяси жауырыншылардың ойын сан-саққа жүгіртті. Солардың  дені «Үкімет тайлы-таяғымен түгел  тарайды»  деген.

Апта басында ауыс-түйістің алғашқы легі басталды. Мемлекет басшысының Жарлы­ғымен  ҚР   Цифрлық  даму, инновациялар  және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев қызметтен босатылды. Ең қызығы, Жұмағалиев жұмыстан кете сала ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі министрл­іктегі лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұл ақпаратты анау-мынау емес, агенттік төрағасы Алик  Шпекбаевтың  өзі  таратты.

Қызметсіз қалған Асқар Қуанышұлы сәр­сенбі  күні:

– Мені бұл лауазымға тағайындағанда құт­тықтаушылар көп болды, ал кеткен кезде қолдаушылардың одан да көп екенін көріп, таңғалып отырмын. Бәріміз нәтижелі жұмыс істедік деп ойлаймын. Оның бәрін тізбектеп айтпай-ақ, өздеріңіз  де  білесіздер. Қазір қызметкерлер туралы­ айтқым келіп отыр. Мен министрлік ұжымының, ведомстволық бағынысты ұйым қызмет­керлерінің әрбір қызметті цифрлау үшін, әрбір интеграция үшін және олардың қазақстандықтардың өмірін жеңілдетудегі маңызы мен қажеттілігін дәлелдеуге күш салғанын, бар ынта-жігерімен жұмыс істегеніне куә болдым. Сіздерге басымды иіп, зор алғысымды білдіремін. Бастамалары мен Қазақстанды цифрландыру үдеріс­терін үнемі қолдағаны үшін Елбасыға, Прези­дентке және сіздердің әрқайсысыңызға соңғы жылдары маған артқан сенім мен көрсеткен қолдаула­рыңыз үшін алғысымды білдіремін, – деп фейсбук әлеуметтік желісіне жазба қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында экс-министр­ «Қазіргі таңда еліміз – интернетке қолжетім­ділік бойынша әлемде көшбасшылардың бірі» деп айды аспанға бір-ақ шығарған.

Жылжыған Жұмағалиевтің креслосы өз иесін ұзақ күтпейтін тәрізді. Өйткені, мемлекет басшысының цифрландыру және инновациялық  технологиялар  жөніндегі  кеңесшісі  бол­ған Бағдат Мусин бұл қызметтен кетті. Сөйтіп, ҚР Үкіметінің Қаулысымен Цифрлық даму, иннов­ациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министр­інің бірінші орынбасары қызметіне тағайы­ндалды. Ресми мәліметке сенсек, ол уақытша министр қызметін атқарады екен. Бір қызығы, қазіргі ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей  Цой да әу баста вице-министр, кейіннен  министр  болған  еді.

Жоғары жақтағы ауыс-түйіспен қатар көпшілікті  алаңдатқан  мәселелер де баршылық. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев алғашқы алты айда атқарылған жұмысқа есеп берді. Сол жиында ол ҚР Білім және ғылым министрл­ігіндегі жауапты тұлғаға қатысты қылмыс­тық іс қозғалғанын айтып қалды. Тергеу­ мүддесіне сәйкес, қылмыстық іс нақты кімге қатысты екенін хабарлаған жоқ. Осы ақпарат жарияланғалы қарапайым халықтан да, мұға­лім­нен де маза қашты. Себебі, ұстаздарды қағаз­бас­тылықтан, сенбіліктен «құтқарған» Асхат Аймағамбетов еді. Одан бөлек, «Мұғалім мәртебесі» туралы Заң да жас министрдің тұсында қабылданды. Жалпы алғанда, соңғы уақытта білім  саласындағы  өзгерістер  көптің  көңілінен шығып  отыр.

Айта  кетейік, тәуелсіздік  алғалы  тұңғыш рет  халық президенттен министрге араша тұруды­ сұрап отыр. Ал Асхат Қанатұлының өзі БАҚ-қа берген пікірінде «Нақты шешімді сот шығарады»  деп  қысқа  қайырды.

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: