Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылымық

05.03.2020, 12:43 541

Бүрсігүні 11 жыл түрмеде азап шеккен Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты. Семейдегі №2 қалалық соттың судьясы Жанат Әбенова «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысын шарт­ты түрде мерзімінен бұрын босату тура­лы шешім қабылдады.

Осылайша, азап пен сынаққа толы 11 жыл артта қалды. Елді алаңдатқаны, Мұхтар Жәкішевтің денсаулығының нашарлауы. Өйткені, адвокаты Нұрлан Бейсекеев Мұхтарға жедел дәрігерлік көмектің қажеттігін айт­қан. Дәрігерлер науқастың екі көзінде катаракта барын анықтаған. Қазір М.Жәкішевті 3-топтағы мүгедектіктен 2-топқа ауыстыруды қарастыруда. Түрмеде ол гипертониялық аурудың  24 рет (!) күрт асқынуын бастан кешті.

Бірақ қандай қиянат пен азапқа болса да мойымаған Мұхтар өзінің ешқандай кінәсіз екенін айтудан қорыққан жоқ! Жуырда ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орыс­тілді сайттардың біріне берген сұх­батында: «М.Жәкішевке қатысты сот әділ шешім шығарады» деген еді. Міне,  сол  күн туды. Мұхтар Жәкішев бостандыққа  шықты!

Төлен  ТІЛЕУБАЙ,

журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: