Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жүсіпұлы жоспарланған жұмыстарды жақсы бағалады

30.04.2020, 9:55 364

HALYQLINE.KZ –| Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Сүлейменов Серік Жүсіпұлы Байқоңыр қаласы мен Төретам кентінде жұмыс сапарымен болып, бірқатар нысандарды аралап көрді.

Сапар барысында аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы бүгінгі таңда Төретам кенті мен Ақай ауылдық округтерінде жоспарланған жұмыстар туралы баяндады.

Еліміздегі ерекше экономикалық жағдайға байланысты «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жүзеге асуда. Бағдарлама негізінде жаңа жұмыс орындарын құруға, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар тізіміне бірнеше нысандардың қайта жаңғыртылуы мен жөндеу жұмыстары кіріп отыр.

Бүгінгі күні Төретам кентіндегі электр желілерінің тозығы (80%) жеткен. Осы жылы облыстық энергетика басқармасы арқылы Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіндегі 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту және қайта жаңғырту, Төретам кентіндегі №22 35/10 кВ қосалқы станциясын кеңейту және қайта құрылымдау құрылыс жұмыстары басталады. Төретам кентіне спорттық тренажерлық және стритболдық алаңдарының құрылысы және 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Негізгі қаржы өлкеміздің инженерлік-көліктік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.

Жұмыс сапарының қорытындысында аймақ басшысының орынбасары Серік Жүсіпұлы жоспарланған жұмыстарға оң қорытындысын беріп, межеленген жоспарларды орындау басты назарда болатынын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: