Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыратын жиын

11.09.2020, 14:00 222 0

HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданы әкімі Мұса Қалдарбековтың төрағалығымен идеологиялық актив жиыны өтті. Биылғы Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыруға бағытталған жиынға ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Аудан басшысы Мұса Оспанұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы ауданымыздың тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына, еліміздегі экономикалық дамудың тұрақты сақталуына әсерін тигізетінін атап айтып өтті.

Осы Жолдаудан туындайтын міндеттерді атап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.

Елімізде қалыптасқан пандемия жағдайына байланысты ауданда коронавирустық инфекцияның алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды, ауруханаларға қосымша төсек орындарды жабдықтауды аудандық аурухана бас дәрігері Б.Нысанбаевқа тапсырды.

Сонымен бірге Жолдауда атап көрсетілгендей ауданымызда агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту мақсатында шаралар қабылдауды, егін шаруашылығында әртараптандыру жұмыстарын қолға алу, суды аз қажет ететін дақылдарды егуге басымдық беруді тиісті сала басшыларына жүктеді.

Жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Д.Нәзікбаев, аудандық аурухана бас дәрігері Б. Нысанбаев пікірлерін білдіріп, білім беру саласы мен денсаулық саласындағы Жолдауда көрсетілген міндеттерге тоқталып өтті.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Мұса Оспанұлы Президент Жолдауындағы басым бағыттар бойынша сала басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмаларды жүктеді. Аудан халқының бірлігінің арқасында ғана Жолдаудан туындайтын жаңа міндеттерді уақытылы және сапалы жүзеге асырамыз деп атап айтып өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: