Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жиынтық бағалау қалай өтеді?

02.05.2020, 15:54 2761

HALYQLINE.KZ –| Қашықтан оқыту жағдайында оқушылар Бөлімдік жиынтық бағалау (БЖБ), тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) тапсырады. Қызылорда облыстық білім басқармасы оқушылар мен ата-аналар білуі тиіс талаптарды ұсынады:

1️⃣ БЖБ және ТЖБ өтілген оқу сабақтары негізінде әзірленеді. Яғни, оқу материалынан тыс сұрақтар болмайды.

2️⃣ Әрбір педагог тапсырманы өзі құрастырып, бағалаудың өлшемшартын өзі әзірлейді.

3️⃣ БЖБ және ТЖБ 1-4-сынып үшін 2 тапсырмадан артық болмауы керек, ал 5-10-сыныптар үшін 5 тапсырмадан артық болмайды.

4️⃣ БЖБ және ТЖБ тапсырмалары оқушыларға электронды ресурстар арқылы жіберіледі (эл/почта, электронды күнделік, WhatsApp желілері)

5️⃣ БЖБ тапсыруға 20 минут, ТЖБ тапсыруға 40 минут беріледі. Ал, 1-4-сынып оқушыларына уақыт шектеуі жоқ.

6️⃣ Аптасына 2 және одан көп сағатты құрайтын пәндер үшін БЖБ 4-11 мамыр аралығында өтеді.

7️⃣ Аптасына бір сағатты құрайтын пәндер үшін БЖБ 11-15 мамырда өтеді.

8️⃣ 1-10-сыныптардағы ТЖБ, 11-сыныптағы бақылау жұмысы 18-22 мамыр кезеңінде өтеді.

9️⃣ Бір күнде оқушылардан 3 жиынтық жұмысы ғана алынады.

🔟 Интернетке мүмкіндігі жоқ елді мекендерде тапсырмалар қағаз түрінде санитарлық талаптар сақтала отырып оқушылардың үйлеріне жеткізіледі.

🔴 ЕСКЕРУ КЕРЕК:

Ата-аналар, оқушылар БЖБ және ТЖБ-ға арналған кестелер әр мектептің фейсбук парақшасына орналасады. Сонымен бірге WhatsApp желісі арқылы әр педагог әр сыныпқа жеке жолдайды.

🔴 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Жауапты сәтте ұстаздармен бірге болып, оқушылардың лайықты білімі үшін БЖБ және ТЖБ сынақтарын тапсыруға сіздердің қолдауларыңыз қажет. Ата-ана – бала – ұстаз үштігі бірлессе оқу сәтті әрі нәтижелі болмақ. Сондықтан, балаларыңыздың кестеге сай тапсырманы орындауына ықпал етулеріңізді сұраймыз. Сіздің балаға берген көмегіңіз – ұстазды қолдап, демегеніңіз. Оқушыларға сәттілік тілейміз!

Қызылорда облысының

білім басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: