Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жер серігін жасауға 40 миллиард теңге бөлінді

30.01.2020, 16:32 676

Бұл туралы ҚР Сандық даму, инновациялар және аэроғарыштық индустрия министрі Асқар Жұмағалиев Парламент Мәжілісінің отырысында айтты. Айтуынша, Қазақстан «KazSat-2R» жерсерігін жасауды 2020 жылы бастайды.

 – Біз техникалық-экономикалық негіздемемен, спутниктің жоспарымен айналысамыз. Содан кейін тиісті конкурстық рәсімдер өткізіледі. Тендер жұмыстары кіммен жұмыс істейтінімізді көрсетеді, – деді министр А.Қуанышұлы.

Белгілісі сол, Жер серігін жасауға шамамен 40 миллиард теңге бөлінді. Алайда бұл тек спутниктің өзіне ғана кететін шығын екен. Жерсеріктік жүйемен байланысты басқа да шығындар бар, оның барлығы қалыпты, тұрақты спутник құрастыру үшін қажет. Бүгінде құжаттарға байланысты барлық жұмыстар аяқталған.

Айта кетейік, ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті 2019 жылы 010-102 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың салалық міндеттерін шешу үшін ғарыштық суреттер мен ғарыш мониторингін ұсыну бойынша қызметтер көрсетті. Аталған қызметтер төрт мемлекеттік органдардың (ішкі істер, ауыл шаруашылығы, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің, сондай-ақ бас прокуратураның) 35 салалық міндеттерін шешу мақсатында көрсетілді. Салалық міндеттер бойынша ғарыштық мониторинг нәтижелері 11 геосервис, сондай-ақ, ЖАО және ІІМ аумақтық бөлімшелері үшін 13 геосервис арқылы берілді.

Ғарыш мониторингі еліміздің бүкіл аумағын қамтиды және 2020 жылы да жалғасын табады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: