Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шу-Сарысу шөгінді бассейініне зерттеу жұмыстары жүргізіледі

19.02.2020, 11:21 963

Қызылорда облысының кешенді дамуына қатысты бірқатар мәселелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2019-2022 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілген. Нәтижесінде, 2020 жылы Шу-Сарысу шөгінді бассейнінде мұнай-газ перспективалы құрылымдарын анықтау мақсатында жер қойнауын зерттеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.

Қызылорда облысының әкімі бұл – мұнай-газ саласын дамыту мәселесіндегі ауқымды өзгерістер екенін айтты.

«Бұл жұмысты бастау үшін биыл республикалық бюджеттен 600 млн теңге қарастырылып отыр. Бұдан басқа, Жоспарда аз зерттелген «Оңтүстік Торғай және Сырдария» шөгінді бассейндерін барлау көзделген. Осы орайда, біз тиісті мекелермен жұмыстар жүргізудеміз», – деді облыс әкімі Қ.Ысқақов

Сондай-ақ, биыл тау-кен саласын дамыту мақсатында «Талап» қорғасын-мырыш кен орнын және «Ақ еспе» титан-цирконий кен орнын барлау жұмыстары басталады деп күтілуде.

Жыл сайын өңірде мұнай өндіру орта есеппен 10-12 пайызға қысқаруда. Ал, жаңа кең орындарында жер қойнауын зерттеу жұмыстарын жүргізу облыстың бюджетіне айтарлықтай үлес қосатын болады.

Бүгін 2020 жылы 19 ақпанда, Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті, жиында аймақ басшысы өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Есепті кездесу «Qyzylorda» облыстық телеарнасының эфирінде, «Қызылорда облысы әкімдігінің» ресми «facebook» парақшасында және «youtube» әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирде көрсетілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: