Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал, алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды. Оған қала, аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысты.
Жауапты маусымға әзірлік бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде.
Оған 7,8 млрд.теңге қаржы жоспарланған.
Бұл қаржыға 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасы аяқталып, №1 және 2 газтурбиналық қондырғы, 1,3 шақырым жылу желісі, 1 қазандық, 1 турбина және 10 автономдық қазандық, негізгі және қосалқы қондырғылар жөнделеді.
Бүгінде жұмыстың 68 пайызы орындалған.
Мемлекет басшысының қолдауымен «Акса Энерджи» түрік компаниясы Қызылорда қаласында 240 МВт электр энергиясын және 277 Гкал жылу энергиясын өндіретін жылу-электр орталығын салды.
Жоба бойынша қуатылығы 176 МВт 2 газ турбиналық қондырғы, 95 МВт бу турбинасы, қуаттылығы 120 тн/сағ 2 бу қазандығы мен 150 Гкал/сағ 4 жылу қазандығы орнатылған.
Бүгінде жылу орталығы толық іске қосылып, 240 мегаватт электр энергиясы өндірілуде. Қуаттылығы 150 МВт 4 су жылыту қазандығы жұмыс істеп тұр. Алдағы жылу беру маусымында Қызылорда қаласының тұрғындары жаңа станция арқылы жылумен қамтамасыз етіледі.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!