Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа қызметке шығарып салды

19.09.2026, 21:20 28

HALYQLINE.KZ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай актив отырысы өтті. Онда осыған дейін Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Ардақ Әбдіғаппарұлы Ибраимовты Қазақстан Республикасы Үкіметінің Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымына тағайындалуына байланысты жаңа қызметке құрметпен шығарып салды.

Аймақ басшысы Ардақ Ибраимовтың мемлекеттік қызметтегі еңбек жолына тоқталып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін атап өтті.

«Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлы облысымызға басшылық жасаған кезеңде Жалағаш ауданындағы серпінді жобаларды іске асырудағы Ардақ Әбдіғаппарұлының еңбегін ерекше атап өту қажет.

Алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді тиянақты орындады. Мемлекеттік қызметте сатылап өсіп, басшылық лауазымдарда мол тәжірибе жинаған білікті маман ретінде өзін жақсы қырынан көрсетті», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Жиында Ардақ Әбдіғаппарұлына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасы және «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.

Ардақ Ибраимов Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Мұнай және газ кен орындарын игеру», «Болашақ» университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазгермұнай» компаниясында инженердің көмекшісі ретінде бастаған. Әр жылдары мұнай және құрылыс компанияларында түрлі басшылық лауазымдар атқарған.

2019-2023 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, қала әкімінің кеңесшісі, Белкөл кентінің әкімі, Қызылорда облысы әкімдігі іс басқармасының директоры, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

2023 жылдың қазан айынан бастап Жалағаш ауданының әкімі қызметін атқарып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстарды үйлестірді.

Енді Ардақ Ибраимов еңбек жолын Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратында жалғастырады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: