Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үшжақты комиссияның отырысы өтті

02.04.2021, 10:30 531

HALYQLINE.KZ  Ағымдағы жылдың 31 наурызында қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридиновтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссия отырысы өтті.

Отырысқа қалалық үшжақты комиссия, жұмысшы тобы құрамы, қала кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде 3 мәселе, яғни қала бойынша мекемелер мен кәсіпорындардан жұмыстан босаған жұмысшыларға әлеуметтік шараларды қарастыру, қала кәсіпорындарындағы еңбек қатынастарының жағдайы және «Еңбек жолы» республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізу мәселері қаралды.

Жиын барысында қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Ж.Төлегенов қала мекемелерінен жұмыстан қысқартылған азаматтардың босағаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуы, оларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер жайлы баяндады.

Бұдан бөлек, қала кәсіпорындарындағы, оның ішінде «Су жүйесі» МКМ, «Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Дорстрой» ЖШС мекемелеріндегі еңбек қатынастарының жағдайы бойынша жұмыскерлер алдындағы қалыптасқан берешекті өтеу бағытында қабылданып жатқан шаралар пысықталды.

Жоғарыда аталған мәселе бойынша Бектас Балғабайұлы жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауы, жалақы берешектерін өтеу бойынша мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, комиссия төрағасы 2021 жылғы 1 шілдеге дейін «Еңбек Жолы» республикалық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанына тоқталып өтіп, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырды.

Конкурс туралы толық ақпарат сілтемеде ұсынылады:

https://qorda.kz/anons/888-ebek-zholy-respublikaly-konkursyna-tnm-abyldau-bastaldy.html

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: