Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үкіметтегі «Құлыбаевтың адамдары» Қажыгелдиннің назарына ілікті

07.06.2023, 10:19 380

HALYQLINE.KZ

Бұған дейін Борейкоға сұхбат берген экс-премьер «активтерді қайтару туралы заңға Құлыбаевтың адамдары араласты» деген болжам айтқан. Әкежан Мағжанұлының пайымдауынша «Тимурдың командасы» аталған заң жобасын сұйылтып жіберуге мүдделі.

Қажыгелдиннің нысанасына іліккен азаматтардың есім-сойы кім?

DALA INSIDE осы тарапта тәуелсіз зерттеу жүргізуге тырысты.

«Шеттегі активтерді қайтару туралы» заңның «черновигін» қолмен ұстап, көзбен көргендердің бірі – Рустам Жүрсінов. Бұл кім дерсіз? Ол еліміздегі кәсіпкерлер құқын қорғайтын арнайы уәкіл, былайша айтқанда «бизнес омбудсмен».

Аталмыш заң Мәжіліс талқылауына түспей тұра Жүрсіновтың қолынан өткен.

«Бизнес омбудсмен» заңсыз активті «іздеу» мен «кәмпескелеудің» алгоритмімен алдын-ала асықпай-cаспай танысып алған. Бізге жеткен мәлімет бойынша Жүрсінов заңгерлердің көмегіне жүгініп, заң жобасының олқы тұстарын анықтауға тырысқан. Кім үшін, не үшін, ол жағы бізге белгісіз…

Заңсыз капиталды елге қайтару мақсатында құрылған комиссия құрамында Бас прокурордың орынбасары – Ұлан Байжанов бар. Құрылымның елеусіз мүшесі емес, осы комиссия төрағасы Тоқаевтың білдей бір «зам-ы».

Осы тұста «активтерді қайтару туралы заңға Құлыбаевтың адамдары тұмсық тықты» деген Қажыгелдиннің тұспалын фактчектен өткізуге тура келеді. Әкежанның түйсігі әдеттегідей әлдебір шикілікті сезсе керек…

Біз сөз өткен Жүрсінов пен Байжанов та «күйеубаланың» сыралғы серіктері. Құлыбаев «ҚазМұнайГаздың» орынбасары қызметін атқарған 2000-шы жылдары аталған жұп карьералық баспалдақпен қарыштап көтерілді.

Жүрсінов кейіннен тағы сол Құлыбаев жетекшілік еткен «ҚазЭнержи» бизнес қауымдастығының заңгерлік бөлімін басқарды. «Бизнес омбудсмен» атанбай тұра, тағы сол Құлыбаев басқаратын «Атамекен» палатасының вице-президенті болды.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша соңғы кездері Тимурдан маза кетіп, тыпырши бастаған. Кешеге дейін Жаңа Қазақстанның саяси элитасы сапындағы тамыр-таныстарына арқаланып келген Құлыбаев Қажыгелдин таратқан инсайдтың соңы айғай-шуға ұласа ма деп қауіптенеді.

«Активтерді қайтару? алдымен «Атамекен» палатасының басшысын, сол палатаға мүше азаматтарды тексеріп, олардың активтері мен дүние мүлкін тергеуіміз қажет», – дейді осы тұста Мағжанұлы.

Айтуынша, Бас прокурордың орынбасары өзінің Швейцариядағы зәулім сарайы туралы ел алдында есеп беруі қажет.

Қажыгелдин? Оған құдай қуат берсін дейміз. Экc-премьер америкалық лоббистерді араға салып Назарбаевтың күйеу баласын санкцияға мықтап отырғызуды мақсат тұтып отыр”

Dala inside

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: