Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҰБТ-ны жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды

08.06.2020, 9:35 597

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру бағытына арналған мәжіліс өткізілді.

Аймақ басшысы алда тұрған Ұлттық бірыңғай тестілеуді жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов ұлттық бірыңғай тестілеудің дайындығын баяндады.

Ұлттық тест 20 маусым – 5 шілде аралығында 9 тестілеу пунктінде өткізіледі. Атап айтқанда, Арал, Қазалы, Жосалы, Ақай, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған, Қызылорда қаласында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың ғимараты мен «Мұрагер» мектебінде ұйымдастырылады.

Тестілеу маскалық режимде өтеді. Білім сынағына қатысатын 1449 талапкер тасымалданып, 532 түлек жатын орынмен қамтамасыз етілсе, 1581 бала тамақтандырылады.

Жиында басқарма басшысы Ақзира Қасымова оқушылардың ұлттық тестілеудегі әзірлік барысын және сынақ кезінде мектеп түлектерінің психологиялық дайындығы бағытында қолға алынған жұмыстармен бөлісті.

Айта кету керек, ұлттық тест кезінде смартфондар, телефондар, гаджеттер, қағаз жазбаларына тыйым салынған. Аталған заттар табылған жағдайда бітірушілер тестілеуге жіберілмейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: