Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындар ойын алаңдарын күтіп-ұстауы керек

27.05.2020, 12:55 488

HALYQLINE.KZ 26 мамыр күнгі қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы А.Тоқмағанбетов көшесіндегі ойын алаңының құрылыс барысымен танысты.

– Ойын алаңдары туралы әлеуметтік желіден көп сын айтылып жатады. «Қирап қалды, сынып қалды, қайда кетті» деген сияқты. Біз жыл санап ойын алаңдарына қатты мән беріп жүрміз. Өздеріңіз білесіздер, қалада 210 аула болатын болса, оның ішінде 140 аула спорт және ойын алаңдарымен қамтылған. Осы жылы жаңадан 30 жерге балалар ойын спорт алаңқайларын салу жоспарланған. Сондай-ақ, 140 аулада орналасқан ойын алаңдары жөнделіп, жыл сайын тек әрлеу жұмыстарымен шектелген алаңдар толығымен жаңартылады. Өкінішке қарай, аталған жұмыстар атқарылып болып жатса, артынша ол алаңдар қайтадан жөндеу жұмыстарын қажет ететін жағдайлар болады. Бұл – өте өкінішті жайт. Осы тұрғыдан, қала тұрғындарын балалары үшін салынған және жаңартылған ойын алаңдарын күтіп-ұстауда жанашырлық танытуын сұраймыз,» – деді қала әкімі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: