Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Тоқаевты тыңдайтын құлақ жоқ па?»

16.07.2020, 15:30 477

HALYQLINE.KZ Ауруханаларда орын жоқ дейміз, ал денсаулық сақтау министрлігін бұл жоқшылық аса алаңдатпайтын сияқты. Еліміздегі кейбір жекеменшік клиникаларға ковидпен күреске лицензия да берілмеген. Ала алмай жүр. Мәселен «Неге?!» хабарында нарықтағы жекеменшік ауруханалар арасында гиганттардың бірі мемлекетке көмектесейін десе, билік лицензияны қасақана бермей отырғанын айтты. Егер рұқсат берілгенде мұндай аласапыран болмас еді дейді олар.

Кешегі «адамдардың жаппай өлімі дәрігерлердің ем-домды дұрыс тағайындамауынан» деген дәрігердің жанайқайы да осыған келеді. Бізде қарапайым халық қырылып жатқанда, жоғарыда лоббилер қақтығысы жүріп жатқан сияқты. Президент үкіметке дәрі-дәрмек жетіспеушілігін 5 күнде шешуге тапсырғанымен, бір апта өтті бұл мәселе әлі шешілген жоқ. Тоқаевты тыңдайтын құлақ жоқ па әлде біз шынымен тығырыққа тірелдік пе?!

Ерқанат Көпжасарұлының фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: