Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаев: «Бейбітшілік – баға жетпес байлығымыз»

01.05.2020, 20:08 551

HALYQLINE.KZ –|

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Қазақстан халқы­ның бір­лігі күнімен құт­тықтаймын! Бұл мереке қасиетті жерімізді ме­кен­д­ейтін әр адам үшін аса қымбат.

Егемен еліміздегі барлық эт­ни­­­калық топ өкілдері бір­тұтас Қазақ­стан халқын құрайды. Біз достық пен ын­ты­мақтың, татулық пен тұ­рақ­ты­лықтың арқасында зор же­тістікке жеттік.

Бейбітшілік пен қоғам­дық келісім – баға жетпес бай­лығымыз. Бұл құн­­ды­­лықтар Тұңғыш Президентіміз – Ел­ба­сы Н.Назарбаев негізін қалаған жаңа Қазақстанның стра­тегиялық ба­ғыт-бағдарының өзегіне айналды.

Біз бір ел, біртұтас халық бо­лып тәуел­­сіздігімізді нығайт­тық. Ха­лық­ара­­лық қоғамдастықтағы абырой-бе­делімізді арт­тырдық.

Биылғы Бірлік күнінің мән-маңы­­­­­­зы ерекше. Бүгінде Қа­зақстан бү­­кіл әлемге тараған коронавирус пан­­де­­­миясымен күре­суде. Жаһандық эко­но­микалық дағдарыстың сал­дарын хал­қымыз да сезініп отыр.

Біздің бірлігіміз бекем, мақса­ты­мыз ортақ, рухымыз ас­қақ. Со­ның ар­қасында кез келген қиын­дық­ты жеңіп, жасам­паз­дық пен өр­леу жо­лында жаңа белестерді бағын­дыра­мыз деп сенемін.

Сіздерге мықты денсаулық, бақ-бе­­реке және толайым та­быс тілеймін!

Біз біргеміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: