Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Той жасаушылар тыйылмай тұр

21.07.2020, 17:20 622

HALYQLINE.KZ Қазіргі таңда ауданда эпидимеологиялық ахуал күрделі болуына қарамастан той жасаушылар қатары азаймай тұр. Ал, COVID-19 инфекциясы өздеріңіз білесіздер, адам көп жиналған жерлерде тез таралады.

Аты жаман аурудың алдын алу мақсатында Қазалы ауданы бойынша полиция бөлімінің қызметкерлері күнделікті рейдке шығып, карантин талаптарын бұзған бірнеше құқықбұзушылықтарды анықтады. Әсіресе, тұрғындар арасында той жасаушылардың көбеюі көңілге кірбің ұялатады.

Рейд барысында тұрғын үйлерде адамдарды жинап той жасаған 2 той иесінің түсініктері алынып, тиісті құзырлы органға заң жүзінде шешім қабылдау үшін жолдады.

Полиция бөлімінің қызметкерлері аудан бойынша 5 азық-түлік дүкенінде сатушылардың медициналық маскасыз және арнайы қолғапсыз сауда-саттық жасағанын анықтады. Сонымен бірге, 1 кафе иесі бетпердесіз сауда жасаса, 8 азамат қоғамдық орындарда бет пердесіз жүрген.

Сондай-ақ, 20 шілде күні аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топ Әйтеке би кентінде той жасап жатқан тұрғынды анықтап, полиция бөлімінің қызметкерлерін шақырды. Сонымен қатар, карантиндік шектеулерге қарамастан жұмысын жалғастырған кафе иесінен түсініктеме алынып, тиісті құзырлы органға заң жүзінде шешім қабылдау үшін жолдады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: