Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаслан Мәдиев жаңа Үкімет құрамында қалды

03.09.2026, 10:25 54

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды. 

Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін және Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2007 жылы Лондондағы Morgan Stanley инвестициялық банкінде бастаған. Кейін Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында сарапшы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның Қазынашылық департаментінің директоры, Kazyna Capital Management және Қазақстанның Даму банкінде басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. Сондай-ақ Ұлттық банк пен «Қазақстан темір жолы» құрылымдарында басшылық қызметтерде болды. 

2020–2022 жылдары Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары, 2022 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі болды. Кейін Binance Kazakhstan компаниясының бас менеджері қызметін атқарды. 

2024 жылғы мамырдан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрін басқарды. Ал 2025 жылғы қыркүйектен Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметін атқарып келеді. 

Осылайша Жаслан Мәдиев жаңа Үкімет құрамында елдегі жасанды интеллект, цифрландыру, телекоммуникация және технологиялық даму бағыттарына жауап беретін қызметін жалғастырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: