Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Талғат Тілес жаңа қызметке тағайындалды

06.09.2022, 15:00 119

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы М.Қазбекованың 2022 жылдың 6 қыркүйектегі №02-05\100 бұйрығына сәйкес облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры қызметіне Тілес Талғат Оспанұлы тағайындалды.

Талғат Тілес Оспанұлы 1996 жылы 1 тамызда Қызылорда қаласында туған.

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжін, С.Сейфуллин атындағы аграрлық университетінде «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын «Жас Отан» Жастар қанатында бастап, жауапты қызметтер атқарған;

2018-2020 жылдары «Жас Отан» Жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, «Жас Отан» Қоры» корпоративтік қорының директоры;

2020-2021 жылдары «Жас Отан» ЖҚ Орталық аппаратының бас сарапшысы, облыстық «Жастар ресурстық ортылығы» КММ-нің директорының орынбасары;

«Сыр үміті» жастар қауымдастығының атқарушы директоры қызметтерін атқарды.

2021 жылдың желтоқсан айынан қазіргі уақытқа дейін облыстық «Жастар ресурстық ортылығы» КММ-нің директорының орынбасары қызметін атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: