Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәжімұрат Әлжанов – «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің директоры

10.09.2020, 20:15 1494

HALYQLINE.KZ Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің уақытша директоры қызметіне Әлжанов Тәжімұрат Жомартұлы тағайындалды.

Тәжімұрат Әлжанов 1987 жылы 23 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2005-2009 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша оқып, бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылдан бастап «Халық» газетінде тілшісі, 2009 жылы жауапты хатшы;

2012 жылдан бастап «Qyzylorda» телеарнасының «Жаңалықтар» қызметі бөлімінде редактор;

2015 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінде инспектор;

2016 жылдан бастап «Qyzylorda» телеарнасының «Жаңалықтар» қызметі бөлімінде редактор, 2019 жылдан бастап «Арнаулы тілші» қызметін осы күнге дейін абыроймен атқарып келген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: