Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сұлтан Мақашов қандай қызметке тағайындалды?

30.06.2021, 9:45 393 0

HALYQLINE.KZ Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы лауазымына Мақашов Сұлтан Ысқақұлы тағайындалды.

Сұлтан Мақашов 1961 жылы туған. Қазақ химия-технологиялық институтын және Қызылорда экономика, экология және құқық университетін бітірген. Еңбек жолын 1978 жылы Қазалы ауданы Жаңақазалы коммуналдық кәсіпорындар комбинатында слесарь ретінде бастаған.

1984-1992 жылдары – Қазалы аудандық №86 жылжымалы механикаландырылған колоннада бригадир, шебер, аға прораб.

1992-1995 жылдары – №2 азаматтық құрылыс мекемесінде бас инженер, №86 жылжымалы механикаландырылған колоннаның жоспарлау бөлімінің бастығы.

1995-2015 жылдары – Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Қазалы ауданының бас сәулетшісі, Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы Қазалы филиалының директоры, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары.

2015-2020 жылдары – Қармақшы және Жаңақорған аудандарының әкімі болған.

2020 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: