Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «ҚазақГаз Аймақ» акционерлік қоғамы Қызылорда өндірістік филиалының директоры қызметіне тағайындалған Нұрлан Шаухаманов таныстырылды.
Облыс әкімі жаңа басшыға өңірді табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етуді және газдандырудың жаңа жобаларын жүзеге асыруды тапсырды.
Нұрлан Сейілбекұлы 1968 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында «Инженер-гидротехник» мамандығы бойынша білім алған.
Әр жылдары «Тұран-Петролеум», «Харрикейн Құмкөл мұнай» компанияларында түрлі лауазымдарда болған. 2004-2020 жылдары «Қызылорда Қаз Транс Газ», «Қызылорда газ шаруашылығы басқармасы», «Қаз Транс Газ Аймақ», «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» газ тарату мекемелерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2022 жылдан осы кезге дейін «Қызылорда газ тарату жүйесі» мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымында абыройлы еңбек етті.
Жиында Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Кәрімұлы жаңадан тағайындалған басшыларға сәттілік тілеп, ізгі лебізін білдірді.
Қызылорда облысы әкімнің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!