Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратында бірқатар кадрлық өзгеріс жасалды.
Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.
Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол да бұрынғы лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!